Жамбыл Жабаев - 175 жыл: Мерейтой аясында 500-ден астам шара өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова биылғы жылы қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы Қазақстанда қалай тойланып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бір жыл ішінде 500-ден астам түрлі іс-шара өткіздік, соның ішінде шетелде де. Ақын шығармашылығын насихаттауға бағытталған танымдық, мәдени, ғылыми-әдеби кештер, тақырыптық экскурсиялар, кітап көрмелері мен фото көрмелер, дөңгелек үстелдер, ақындар айтысы және басқа да іс-шаралар өткізіліп жатыр», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Сонымен қатар, ол бүгін Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында жас жазушы, ақын, өнер қайраткерлерімен кездесу өткенін айтты.

«Мұндай кездесулер жас таланттарға үлкен серпін береді, олар елімізге керек екенін білуі керек. Біздің болашағымыз - жастар. Осы іс-шаралардың барлығы солар үшін өткізіліп жатыр. Бүгін түрлі ұсыныстар мен бастамалар айтылды. Біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлап жатырмыз және оны бағалай білуіміз керек. Өйткені, бұл күнді ата- бабаларымыз армандаған. Біз жұмыс істеп, елімізді дамытуымыз керек», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысы Жамбыл ауылында өткен іс-шараға Мемлекеттік хатшы Қ. Көшербаев, Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова және ақын-жазушылар қатысты.


Соңғы жаңалықтар