Жамбыл облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ерлан Нұрманұлы Жүнісбай Жамбыл облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ерлан Жүнісбай 1976 жылы туған. Білімі жоғары.
1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Драма және кино актеры» мамандығы бойынша тәмамдады.
Ал 2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Гуманитарлық ғылымдар магистрі» дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2001 жылы «МузАрт» тобының директоры болып бастаған.
2003-2007 жылдары «Қазақ әуендері» АҚ «Қазақконцерт» концерттік бірлестігінің менеджері, 2009-2016 жылдары «Қазақ әуендері» АҚ «Қазақконцерт» концерттік бірлестігінің бас менеджері, 2017-2020 жылдары «GG CINEMA» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
Өнер саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
- Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
- Диджей Иманбек Зейкенов жаңа трек шығарды
- «Орталық мемлекеттік архив» РМК директоры тағайындалды
- Таразда коронавирус жұқтырған 20 жүкті әйел аман-есен босанған
-
Жамбыл облысында заңсыз аң аулағандардан екі қару тәркіленді
-
Жамбылдық жұмысшыларға 108 млн теңге жалақы қарызы төленбей келген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам