Жамбыл облысының екі ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Жамбыл және Талас аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттардың келісімімен және Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Сәкен Арубаев - Жамбыл ауданының, Бақыт Қазанбасов Талас ауданының әкімі болып тағайындалды.

Облыс әкімі Асқар Мырзаxметов аудан активтеріне жаңа әкімдерді таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Алдымен Жамбыл ауданына ат басын бұрған аймақ басшысы ауданның облыс орталығына жақындығына көңіл бөліп, өңірдің экономикасын көтеруде, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық саласын дамытуға барынша ден қою керектігін баса айтып, Сәкен Арубаевқа нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, ауданның жаңа басшысына қосалқы шаруашылыққа ден қойып, әлеуметтік мәселелерді оңынан шешу жолында жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, Сәкен Арубаев 1976 жылы туған. М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін 1998 жылы «жерге орналастыру инженері», 2006 жылы «экономика бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облыстық ғылыми-өндірістік жерге орналастыру орталығында инженер жерге орналастырушы болып бастаған.

Әр жылдары, Жамбыл облыстық жер инспекциясының, облыс әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімінің көмекшісі, облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, облыстық әкімдігінің жер қатынастары және табиғи ресурстармен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, Мойынқұм ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2013 жылдың маусымынан бастап облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болды.

Ал, Талас ауданы әкімі болып тағайындалған Бақыт Қазанбасов 2017 жылдың тамызынан бастап бүгінге дейін Жамбыл ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген.

Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы туған. 1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-технолог», 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. Өз еңбек жолын 1981 жылы №2 Жамбыл астық комбинатында жұмысшы болып бастады.

Сондай-ақ, әр жылдары аталған комбинатта аға мастер, бөлімше меңгерушісі, цех бастығы, «Ақ бидай» ААҚ директоры, «Зар-Замин» ЖШС шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс жасаған. Одан кейінгі жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімі, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2013-2017 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар