Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында тағы да жарылыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы зақымданған жарылғыш заттар өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың 10 қазанында сағат 7.20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді.

Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты»,- деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар