Жамбыл облысындағы дала өрті 6 күннен кейін сөндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы табиғи өрт тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 шілде күні Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылынан 50 шақырым жерде, «Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ аумағында басталған, 44632 га жерді қамтыған құмды жердегі құрғақ шөп пен сексеуілдің жануы 2020 жылдың 24 шілде сағат 14:50-де сөндірілді», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 198 адам және ТЖД, орман шаруашылығы және ерікті өртке қарсы құрылымынан 48 адам жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы Манат ауылынан 11 шақырым жерде «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ аумағында 23 шілде күні басталған, 22 га жерді шарпыған орман өрті 24 шілде сағат 16:30-да сөндірілді.

Өрт сөндіруге «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» КММ-нің 104 жұмысшысы мен 11 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, біз бұған дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағында құмды жерде құрғақ шөп пен сексеуіл жанып жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар