+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жамбыл облысындағы ауылға 70 жылдан кейін ауыз су тартылды

2021 жылғы 14 маусым 00:53
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысындағы ауылға 70 жылдан кейін ауыз су тартылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы Шоқай ауылына таза ауыз су берілді. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында аталған ауылдағы жүргізілген таза ауыз су жүйесінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Өткен жылдың наурыз айында басталған құрылыс жұмыстары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүргізілген.

800 тұрғыны бар ауылға 15 шақырымды құрайтын су құбыры тартылған. Солайша, 160 аулаға су жіберу тетіктер орнатылған.

70 жылдан бері құдықтан су ішіп келген ауыл тұрғындары бұл оқиғаның тамаша тарту болғанын айтуда.


«Соңғы кездері ауыз судың құрамы да өзгере бастаған еді. Мінекей, бүгін тұрғындардың талай жылғы арманының орындалғанын көріп отырмыз. Ауыл жағдайы жыл санап жақсарып келеді. Биыл ауылда клуб салынса, «Жомарт түлек» жобасы аясында ауылға арка орнатылды. Енді оқу ордасының құрылысы басталмақ», - деді шоқайлық Исмайл Ходжумуратов.

Бердібек Сапарбаев су мұнарасын аралап, қондырғылардың жай-күйін қарап көрді.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл аудандағы 42 елді мекеннің 30-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылы Жасөркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Бәйтерек, Қаратау ауылына ауыз су құбыры тартылса, енді тіршілік нәрімен Шоқай ауылы қамтылып отыр. Осылайша, 2019 жылы ауызсумен қамту үлесі ауданда 45,2 пайызды құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 69 пайызға жетті. Ал, ағымдағы жылы сапалы ауыз сумен қамту үлесін 71,4 пайызға жеткізуді көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT