Жамбыл облысындағы 222 мектеп оқушыларды қашықтан оқытуда

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ағымдағы оқу жылының ІІІ тоқсанында 222 мектеп оқушыларды қашықтан оқытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда өңірдегі мектептердегі оқу үрдісі 3 түрлі форматта жүзеге асуда. Бұл туралы Жамбыл облыстық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифингте баяндады.
«ІІІ тоқсанда 222 мектепте 117 121 оқушы қашықтан оқытылып жатыр. Бұл өңірдегі барлық оқушылардың 49 пайызын құрайды. Ал, эпидемиологиялық жағдайы тұрақты алыс ауыл-аймақтардағы оқушы саны 300-ге дейінгі 234 мектепте 36 632 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Бұл 15,2 пайызға шақ. Қашықтан оқитын мектептердегі 1-5 сынып оқушылары үшін 4785 «кезекші сынып» ашылып, онда 61217 оқушыны дәстүрлі түрде оқытудамыз» — деді, Гүлнар Ходжабергенова.
Аймақтың бас педагогы мектеп бітіруші 9 және 11 сыныптардың барлық оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастағанын айтты. Оларда оқу пәндерінің 70 пайызы дәстүрлі түрде, ал қалған 30 пайызы қашықтан оқытылады. Кезекші сыныптардағы оқушылардың саны 15 адамнан аспауы қажет. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды және үзіліске 5 минут берілген.
Айта кету керек, жалпы аймақтағы 456 мектепте 240 813 оқушы білім алып жатыр. Ал осы айдың 11 қаңтарынан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталғаны белгілі. Білім ошақтарындағы үшінші кезең 20 наурызға дейін жалғасады.
Ал, екінші семестрде кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттер аралас форматта оқиды. Яғни, пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтықтықтан өтеді. Колледжерде оқыту ісі 15 студенттен аспайтын шағын топтарда жүргізілуі тиіс. Демек, аудиторияның толтырылуы 50 пайыздан аспауы керек.
- Жамбылдық шенеунік мемлекетке 51 млн теңгеге жуық шығын келтірді
- Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
- 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
- БҚО-да биыл коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты
-
Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады
-
Атырау түрмелерінде сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат берілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам