Жамбыл облысында жыл басынан бері 957 адам ҚР азаматтығын алған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қазақстандық және шетелдік азаматтарға арналған түрлі құжаттарды ресімдеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің деректеріне қарағанда, шетел азаматтарына 5378 рұқсат құжаттары берілген. Нәтижесінде, мемлекет кірісіне 77 миллионнан астам теңге аударылған. Бұл туралы.

«Қазақстан Республикасының 66910 азаматына 15274 паспорт және 54447 жеке куәлік құжаттары берілген. 8524 шетел азаматы, 64 азаматтығы жоқ тұлға уақытша тіркелген. Қазақстан Республикасының азаматтығына 957 адам қабылданса, азаматтықтан айырылудың 53 фактісі тіркелді, 769 жұмыс визасы беріліп, 82 виза ұзартылды. Мемлекет кірісіне 55,5 миллион теңге аударылды»,- делінген құзырлы органның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы ПД көші-қон қызметі қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуде. Мәселен, көші-қон қызметін көп балалы ана, Қырғыз Республикасының азаматшасы тұруға ықтиярхат алу туралы өтінішпен жүгінген. Мамандар көпбалалы анаға аз уақыттың ішінде қажетті құжаттарды рәсімдеуге, Тараз қаласына қайта тіркеуге және құжаттың қолданылу мерзімін ұзартуға көмектесті.


Соңғы жаңалықтар