Жамбыл облысында жыл басынан бері 60-тан аса көлік ұрланған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері 61 автокөлік ұрлығы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 10 айында Жамбыл облысының полиция департаменті 61 автокөлік ұрлығын тіркеді.

Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы осындай 67 ұрлық тіркелген. Бүгінде 40 автокөлік ұрлығы ашылып, сотқа жолданған.

Бұл бағыттағы ұрлық қылмысының ашылу көрсеткіші 67 пайыздан асады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған қылмыс үшін ҚР ҚК 200-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Баптың санкциясы жасалған әсер салдарының ауырлығына қарай, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан он жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздейді» делінген аведмство хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті көліктерді қараусыз немесе күзетілмейтін тұрақтарда қалдырмауға, оларды дабыл құралымен жабдықтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар