+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Жамбыл облысында жыл басынан бері 400 кг астам есірткі заты тәркіленген

2020 жылғы 21 мамыр 03:00
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында жыл басынан бері 400 кг астам есірткі заты тәркіленген

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері жамбылдық полицейлер 160-тан астам есірткімен байланысты қылмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 400 килограммнан астам есірткі заты тәркіленген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көрсетілген мерзімде 162 есірткі қылмысын анықтағаны айтылған.

«Анықталған қылмыстардың ішінде есірткіні өткізудің 40 дерегі, оны аса ірі көлемде сақтаудың 19 дерегі, есірткі құралдарын насихаттаудың 3 дерегі немесе оны заңсыз жарнамалау, есірткі құралдары контрабандасының екі дерегі және есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастыру және ұстау деректері бар. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 400 мың килограммнан астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 17 килограммнан астам гашиш, бір килограммнан астам героин және бір килограммға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді»,-делінген ведомство мәлімдемесінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT