Жамбыл облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері 10 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Сәуле Мұңатаеваның айтуынша, өңірде жыл басынан бері 10 адам суға кеткен. Оның төртеуі бала.

Осындай қайғылы оқиғаның бірі жуырда ғана Меркі ауданында болған. Аудандағы Андас батыр ауылында 29 шілде күні ата-анасының қарауынсыз қалған 5 жасар бүлдіршін суға түсіп, батып кеткен. Жергілікті тұрғындар баланың денесін Аспара өзенiндегi су торабының қосымша су беретiн трактінен шығарып алған.

«Өкінішке орай, адамдар әсіресе балалар шомылу кезінде ғана емес, құдықтар, тіпті үйдегі ваннада және т.б.су апатынан қайтыс болып жатады. Балаларды суда қараусыз қалдыруға болмайды. Балаларды суда үрленетін төсеніш, шеңбер, ойыншықтармен қалдыру қауіпті. Себебі оларды жел немесе толқын жағадан алыстатып алып кетуі мүмкін. Егер сіз суға батып бара жатқан адамға көмектесе алмасаңыз, шұғыл «112» нөміріне қоңырау шалыңыз Қауіпсіздік шараларын сақтау – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алады», - дейді Сәуле Мұңатаева.


Соңғы жаңалықтар