Жамбыл облысында жол апатынан 1 адам қаза тауып, 6-уы жарақаттанды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолының 6-шақырымында Audi-B4 маркалы автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына бағыт алып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Онда 21 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2104 маркалы көлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2104 маркалы автокөлігінің жүргізушісі есін жимастан, оқиға орнында көз жұмып, 6 адам түрлі дене жарақаттарымен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар