Жамбыл облысында жабайы қабан атып алған браконьер ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің кезекті рейд шарасы кезінде инспекторлар заңсыз аң аулау фактісін анықтады. Нақтылай айтқанда инспекторлар Мойынқұм ауданындағы Қоңырбай қыстауының маңынан аң аулаған 26 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат паудалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.


«Тексеру кезінде ұсталған азаматтың 1 жабайы қабанды атып алғандығы белгілі болды. Сонымен қатар, одан еш жерде тіркелмеген заңсыз 16 калибрлі қосауыз аңшы мылтығы бар екені анықталып, Мойынқұм аудандық ІІБ-не өткізілді», - делінген басқарма хабарламасында.

Ұсталған жігітке оқиға орнында әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, 250 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар