Жамбыл облысында үш жасөспірімге оқ атылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда үш жасөспірімді атып кеткен, олар қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының Полиция басқармасына үш кәмелетке толмағанның оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайлары тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайтындығын айтқан.


Соңғы жаңалықтар