Жамбыл облысында теміржол өткелдерінен 200-ден аса ақау анықталған

None
None
ТАРАЗ.ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлері теміржол өткелдерін күтіп ұстаудағы екі жүзден астам ақауларды анықтады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының аумағында автомобиль жолдарымен қиылысатын 84 теміржол өткелі бар десек, оның ішінде 57 өткел реттелетін және 27-сі реттелмейтін өткелге жатады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, теміржол өткелдерін зерттеу барысында олардың жай-күйінен 210 ақау анықталған. Бұл кемшіліктерді жою үшін теміржол өткелдеріне қызмет көрсететін ұйымдар басшыларына 76 нұсқаулық жолданған.

Көптеген автокөлік жүргізушілері бос жолды көріп, межелі жерге тезірек жетуге тырысып, теміржол өткелінен өту ережелерін қасақана бұзып жатады. Бұл ережені елемегендер ге 27 780 теңге (10 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салынады.

«Теміржол өткелі – бұл қауіпті жер, сондықтан ол арнайы жол белгілерімен жабдықталуы керек. Теміржолды кесіп өту тек белгіленген жерлерде ғана қолжетімді. Жыл басынан бері облыста 119 адам теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Темір жолдарды кесіп өту ережелерін сақтамағаны үшін айыппұл санкцияларын қолдану жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар