+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Жамбыл облысында теміржол көпірін су шайды: пойыз қозғалысы тоқтатылды

2021 жылғы 15 тамыз 23:11
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында теміржол көпірін су шайды: пойыз қозғалысы тоқтатылды

МЕРКІ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Меркі ауданы тауларында қалың жауған қар аралас нөсер салдарынан жергілікті автожол және Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тірегін су шайып кетті. Бұл Туралы ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді Тараз тұрғынынан 4 қап марихуана тәркіленді Жамбылда есірткі дайындап сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Жасанды су өткізу құрылымдары толық режимде жұмыс істеді, бірақ теміржол көпірінің тірек негіздері су көлемінің ауқымы мен қысымы салдарынан шайылып кетті. Қазір жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардаптарды жою үшін арнайы теміржол және автотракторлық техника, темір жол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды. Оқиға орнына қажетті материалдар (шпалдар, рельстер, қиыршық тас, кесек тас) жеткізілді. Жұмысты 16 тамыз күні таңертеңгісін аяқтау жоспарлануда.

Осыған байланысты мына бағыттар:

- №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағыты;

- №78 Маңғыстау - Алматы-2 қатынасымен;

- №42 Атырау-Алматы-2 қатынасымен;

- №23 Алматы - 1 бағыты-Ақтөбе;

– № 29 Алматы -2-Атырау бағыты;

- №33 «Алматы-2 – Ақтөбе» бағыты бойынша жолаушылар пойыздарының кешігуі күтілуде.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласу қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT