Жамбыл облысында спорт нысандары көбейеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында спорт нысандарын салу және инфрақұрылымды жаңарту бойынша 120 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған жобаларды іске асыру аясында жаңадан 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 92 спорт алаңы салынып, бірнеше нысан күрделі жөндеуден өтеді.

«Самұрық-Қазына Траст» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсенді атсалысуда. Бүгінде аталған қор есебінен Жамбыл облысында «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында 3 әмбебап спорттық және балаларға арналған ойын алаңдары салынуда. Оның бірі Таразда, қалған екеуі Байзақ және Қордай аудандарында жүзеге асуда. Әр осындай кешеннің ауданы шамамен 1300 шаршы метрді құрайды. Аумағында жасанды көгалы бар футбол алаңы, workout және балаларға арналған алаңшалар болады»,-делінген ведомтсво хабарламасында.


«Самұрық-Қазына Траст» қорының өкілі Мирас Іргебаевтің айтуынша, жобаның мақсаты – халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруына және олардың бос уақытын ұйымдастыруға ықпал ету болып отыр. Бұл алаңдар жастардың ғана емес, барлық отбасы мүшелерінің жиі келетін орнына айналмақ.

Пайдалануға берілгеннен кейін бұл нысандар олардың сақталуын және функционалдығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың теңгеріміне тапсырылмақ.


Соңғы жаңалықтар