Жамбыл облысында шекаралардағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында короновирустық инфекцияны жұқтыру дерегі апта сайын 10 адамға артып келеді. Мәселен өткен аптада 42 жағдай тіркелсе, оның алдыңғы аптасында 31 деректі көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м. а. Неили Муликова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты. Ол осы аптаның басы яғни өткен тәулікте облыс аумағында 6 жағдай тіркелген. 4 адамнан симптомды ауру анықталса, 2-і жағдай симптомсыз.

«Жамбыл облысында 2020 жылғы 17 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-дың 4272 жағдайы тіркелді, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 369,4 құрады. Ағымдағы аптада 42 жағдай тіркелді. алдыңғы аптамен салыстырғанда 9 жағдайға өсу байқалды. Күн сайын коронавирустық инфекциясы бар адамдардың сырқаттануына, анықталуына, зертханалық тексерілуіне мониторинг жүргізіледі. КВИ аурушаңдылық Тараз қаласы, Шу, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарында жиі тіркелуде»,-дейді спикер.

Жалпы, 17 қарашадағы жағдай бойынша инфекция ошақтарында 16259 байланыста болған адам анықталды, бақылау мерзімі өткеннен кейін 15926 байланыста болған адам бақылаудан алынды. 3896 ошақта қорытынды дезинфекциялық өңдеу ұйымдастырылды.

«Коронавирустық инфекцияның әкеліну жағдайларын болдырмау үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында Қырғызстан Республикасының шекарасында 4 өткізу пункті: Қордай ауданында екеу, Жамбыл және Меркі аудандарында бір-бірден жұмыс істейді. Мемлекеттік шекарадан өтушілер 3 тәуліктен аспайтын уақыт ішінде өткен ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті»,- деді Н.Муликова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасына келген азаматтарда анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулануға жатады.

«6 қазаннан бастап барлық келгендер - 31682 адам, оның ішінде 6574 адам полимеразды тізбекті реакция зертханалық әдісімен зерттеліп, 6 адамда оң нәтиже көрсеткен. 1599 адам 2 тәулікке стационарлық карантинге оқшауланды. Облыс аумағына 572 адам жіберілмеді»,- деді спикер.

Сондай-ақ, ол облыста коронавирустық инфекцияның өсіп келе жатқандығына байланысты тұрғындарды карантиндік және санитарлық шараларды сақтауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар