Жамбыл облысында «Сервистік әкімдік» ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Сервистік әкімдік» ғимараты ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысанның ашылуына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев, аудан басшылары, ардагерлер ұйымдары мен жұртшылық өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев сервистік әкімдік мамандарды бір алаңға шоғырландыру арқылы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мен жылдамдығын арттыру және сыбайлас жемқорлықты жою мақсатына негізделгенін баса айтты. Олар жуалылықтарды айтулы оқиғамен құттықтады.

«Сервистік әкімдік» ғимаратының лентасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков кесті. Жиналғандар сервистік әкімдік бөлмелерді аралап, жабдықталуымен танысты.

Жалпы мұнда аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері орналасқан. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін ортадағы ашық фоеден 5 терезе жабдықталған. Онда әр бөлімнің бір маманы мен «Жуалы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің консультанты қызмет көрсетеді. Сондай-ақ анықтама орны, мәжіліс залы орналасқан.


Соңғы жаңалықтар