Жамбыл облысында сайлау процесін 6500-ден астам байқаушы бақылауда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы учаскелік және аумақтық комиссиялардың жұмысына 3,8 мыңнан астам адам қатысуда.

Дауыс беру процесін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің 6500-ден астам байқаушысы бақылауда,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда. Облыс бойынша дауыс беруге арналған барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған. Олар қажетті ұйымдастыру техникаларымен жабдықталған, телефон байланысы мен интернетке қосылған.

Учаскелік және аумақтық комиссиялардың жұмысына 3,8 мыңнан астам адам қатысуда. Дауыс беру процесін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің 6,500-ден астам байқаушысы бақылауда.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 7-де жұмысын бастады. Байқаушылар алғашқы сағаттардан-ақ азаматтардың жоғары белсенділігін атап өтті. Жамбылдықтар тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақыруда.

Алғашқылардың бірі болып Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Дыдыр Двумаров өз таңдауын жасады.


«Бүгін ерекше күн. Мен мемлекеттің саяси бағыты әр сайлаушының дауысына байланысты деп санаймын», - дейді Д.Двумаров.

Байзақ ауданы Бурыл ауылының тұрғыны Үміт Башатов та онымен келіседі.

«Бұл кез-келген азамат үшін болашақтың негізін қалауға үлес қосатын аса маңызды оқиға. Мен Қазақстанның одан әрі дамуға жетелейтін реформалар жолымен жүретініне сенімдімін», - деп атап өтті ауыл тұрғыны.

Қасқабұлақ ауылының тұрғындары да тыс қалмай, өздерінің конституциялық құқы,ын пайдаланып, дауыс беруге белсене қатысуда.

«Еліміздің кез-келген азаматы дауыс беруге құқылы. Дауыс беру арқылы біз өркендеу, ұлтаралық келісім және тұрақтылықты нығайту жолын таңдаймыз», - дейді Талас ауданы, Қасқабұлақ ауылының тұрғыны Сулхадин Мұстафаев.

Айта кетейік, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясында 5 партияның филиалдарынан 206 мандатқа 523 кандидат тіркелген («Nur Otan» – 390 кандидат, «Ауыл» – 44 кандидат, «Ақ жол» – 44 кандидат, «Адал» – 31 кандидат, «Қазақстанның Халық партиясы» – 14 кандидат).

Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар қатаң сақталуда.


Соңғы жаңалықтар