Валюта бағамдары:
    usd/kzt 425.78 eur/kzt 494.08

    rub/kzt 5.98 cny/kzt 66.23
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 2 °С
Алматы: 13 °С

Жамбыл облысында притон ұйымдастырған ер адам ұсталды

2021 жылғы 22 қыркүйек 13:59

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Стоп,трафик!» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейдтің бірінші күні Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан, притон ұйымдастырған 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Сондай-ақ, 11 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі (көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. «Жеңгетай» санаты бойынша 1 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 3 әйел профилактикалық есепке алынды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда»,- деп мәлім етті Жамбыл облысының Полиция департаменті баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.


Автор:

Сая Сембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар