Жамбыл облысында пайдаланусыз жатқан 73 мың гектардан астам жер қайтарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мақсатты пайдаланылмаған 70 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің жерлерді пайдаланужәне қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Тамабек Әбілхайыр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, жерлерді қайтару жоспары 104 пайызға орындалған. Ал, мемлекет меншігіне қайтарылған 73 033 гектар жердің басым бөлігі – жайылымдық. Яғни, 67 574 гектар жер мал өргізуге арналса, қалған 5 459 гектары – егістік алқаптары.

«Жамбыл және Шу ауданында 23 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерлері заңсыз конкурсқа шығарылған. Жер беру бойынша Жамбыл ауданында 78, Шу ауданында 107 қаулы заңсыз қабылданған. Бүгінгі күнге Шу ауданы әкімдігі аталған бұзушылықтарды жойып, заңсыз берілген 13 474 гектар жерді мемлекетке қайтарған. Оның 2 670 гектары егістік, 10 804 гектары жайылымдық жерлер»,-деді басқарма басшысы.

Тамабек Әбілхайырдың айтуынша, облыстық прокуратура 4 ауданға тексеру жүргізіп, 14,3 мың гектарды құрайтын жерге қатысты 34 қаулы заңсыз қабылданғандығын анықтаған. Ол бойынша 12 жауапты лауазымды тұлғаға тәртіптік шаралар қолдану ұсынылған.


Соңғы жаңалықтар