Жамбыл облысында «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменовтің бұйрығымен бүгін, 11 наурыздан бастап облыс аумағында «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндағы мақсат пәтер ұрлығын ашудағы тиімділікті жақсарту, қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу, аталған қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау болып табылады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жағдайды талдау негізінде пәтер ұрлығы көп орын алатын аудандар анықталып, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлерінен жедел топтар құрылған.

Полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктеріне аса сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді ескертеді.


Соңғы жаңалықтар