Жамбыл облысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 сәуірде Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел екпіні - 15-20 м/с, таңертең және күндіз 23-28 м/с жетеді.

Кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады, тұман түседі.

Осы күні Тараз қаласында да оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді. Кей уақытта найзағай жарқылдап, бұршақ жауады.


Соңғы жаңалықтар