Жамбыл облысында малшыдан 9 келіге жуық марихуана табылды

None
None
ТАРАЗ.ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер шопаннан тоғыз келіге жуық марихуана тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері Шу ауданындағы жайылымның құмға дейінгі аймағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Оның барысында малшы болып жұмыс істейтін 45 жастағы жергілікті тұрғыннан «кептірілген марихуана» есірткі заты табылды. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 8 килограмм 880 граммды құрады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – дейді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Шу ауданының УҰИ-не қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар