Жамбыл облысында «Қызыл кітапқа» енген қарақұйрықты атқан браконьер ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында заңсыз аң аулағандар құрықталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мамандандырылған» Сапсан «жедел қызметінің» инспекторлары Сарысу ауданынан Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып алған азаматты ұстады. Одан 2 аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. Шара Сарысу орман шаруашылығы мекемесі және Сарысу аудандық полиция бөлімшесімен бірлесіп жүргізілді. Заңды бұзған азаматқа салынған айыппұл көлемі 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Тәркіленген қарулар Сарысу аудандық полиция бөлімшесіне өткізілді
«Сондай-ақ, жедел қызмет мамандары жабайы қабанды атып алған азаматты да ұстады. Оқиға Сарысу ауданындағы Жайлаукөл елді мекенінің маңайында орын алған. Кешкі сағат 19.30 шамасында күдікті азаматты тоқтатып тексергенде оның қасында тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығы болған. Бұл айғақ заттар Сарысу аудандық полиция бөлімшесіне өткізілді. Енді ұсталған азаматқа 250 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды»,-деп хабарлайда аталған басқарманың баспасөз қызметі.
- Жылуға қатысты Жаңатастағы оқиға: Аудан әкімі қызметінен кетті
- Еңбек дауларын реттеу түйткілді мәселеге айналды - Жамбыл облысы
- Жамбылда жылыту маусымы басталғалы 300-ге жуық өрт болып, 14 адам көз жұмған
- Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді
-
Жамбылда мұғалімдерге КВИ-ға қарсы вакцина салынып жатыр
-
Жамбыл облысында 77 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам