Жамбыл облысында көше аттары жазылған 4500 тақтайша жаңартылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында көше аттары жазылған 4418 тақтайша жаңартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Набира Сүйманова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аудандық, Тараз қалалық әкімдіктерінің ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысына сәйкес, облыстағы 5247 көшенің 4418-і жаңа үлгідегі тақтайшалармен қамтылды. Көрсеткіш 84,2 пайызға орындалды. Жыл соңына дейін белгіленген межеге қол жеткізілетін болады», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Сондай-ақ, жыл басынан бері өңірдегі 11611 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның 550-інен кемшіліктер анықталған. Барлық нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Набира Сүйманованың айтуынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ономастика саласына жауапты маманының, облыс әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссия мүшелерінің қатысуымен Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов және Талас аудандарында «Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылып, ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізілген.

Соңғы жаңалықтар