+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталып қалды

2020 жылғы 20 мамыр 13:19
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталып қалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімдігінде көктемгі дала жұмыстары мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бейне-байланыс форматында өткен басқосуда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов аймақтағы коронавирус инфекциясының жағдайы туралы баяндады.

Бұдан соң аудандар мен Тараз қаласының әкімдері «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобаларын іске асыру, көктемгі дала жұмыстарын орындалуы және тұрғындармен кері байланысты ұйымдастыру туралы есеп берді.

Жалпы, облыстағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Карантин режимінің жеңілдетілуіне байланысты шағын және орта бизнес өз жұмыстарын жалғастыра бастады. Аудандарда ауыл шаруашылығы дақылдарын егу аяқталуда, пилоттық жоба аясында ауыл тұрғындарының кірісін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда. Дегенмен жұмыс қарқыны ойдағыдай емес. Мәселен, Шу ауданында бар-жоғы үш жоба ғана қолға алынған.

Бұл бағытта Қордай ауданында жұмыстар қызу атқарылуда. Құрылысы басталған 124 жоба бойынша 12450 жұмыс орны құрылған. Ал Байзақ ауданында 70 учаскеде жөндеу-құрылыс жұмыстары басталды десек, бүгінгі күні мұнда 915 жұмыс орны ашылыпты. Оның жартысы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдама алған ауыл тұрғындары.

- Жұмысты әу бастан дұрыс жүйеге келтіру керек. Жалпы, аймақта 128 жоба бойынша жұмыс әлі басталмаған. Уақыт өтіп жатыр. Жұмысты тездетіп, бірінші жартыжылдықта бөлінген қаражаттың басым бөлігін игеру қажет. Сонымен қатар, құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасын назарда ұстаған абзал, - деді Бердібек Сапарбаев.


Сондай-ақ, аймақ басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабын кеңейтуге, елді мекендерді абаттандыруға және санитарлық тазалауға да айрықша назар аударды. Бұл тұрғыдағы шаралар тұрақты түрде жүргізілуі керектігіне көңіл бөлінді. Қалалар мен аудан орталықтары ғана емес, барлық елді мекендер таза болуы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT