Жамбыл облысында іздеуде жүрген 6 күдікті құрықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде болған алты күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері ұрлық, алаяқтық, қорлау, есірткі заттарын медициналық емес тұтыну және тағы басқа қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген төрт күдіктіні ұстады.

«Сондай-ақ, Жамбыл облысының аумағында сотталғандарға қатысты пробациялық бақылауды бұзған Алматы қаласының 30 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтардың барлығы Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар