Жамбыл облысында екі күнде 50 келіге жуық есірткі анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Допинг» екікүндік жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі қылмысына қатысты 19 факті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталған құқықбұзушылық фактілерінің 16-сы қылмыстық, 3-еуі әкімшілік санатқа жатады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Есірткі құралдарының заңды және заңсыз айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі профилактикалық жұмыстар барысында заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы 48,4 келіні құрады. Заңсыз айналымнан 39 келіден астам »марихуана«, 9 келіден астам »гашиш«, 19 грамға жуық »канабис шайыры« шығарылса, заңды айналымнан жалпы сыйымдылығы 20 миллиграмм болатын екі »Мидакс« құтысы, күшті әсер ететін »Трамодол«дәрілік заттарының 10 таблеткасы алынды. Бұл бағыттағы шаралар үздіксіз жалғасатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы, Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткіні қолдану мен таратуға байланысты құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.



Соңғы жаңалықтар