+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Жамбыл облысында екі айда 54 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

2021 жылғы 5 наурыз 12:30
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында екі айда 54 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басталғалы бері 54 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан науқасты аман алып қалды Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал

Өңірдегі коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен кеңес отырысы өтіп, онда қалыптасып отырған ахуал сараланды. Өкінішке қарай, бүгінде облыстағы Қордай, Жуалы аудандары мен Тараз қаласында індет жұқтырғандар азаймай тұр. Сондықтан талапты күшейту жайы қаралды.

«Медицина саласының қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылардың сырқаттанып жатқаны жанға батады. Нақты сандарға жүгінсек, елімізде коронавирус инфекциясы таралғалы бері облыс бойынша – 411, оның ішінде биыл 54 медицина қызметкері індет жұқтырып алды. Сырқаттанған азаматтардың 70 пайызы жұмыс орнынан тыс жерде жұқтырған. Десе де, денсаулық сақтау саласы мамандарын қажетті қорғаныс киімдерімен қамтуға баса назар аудару қажет. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 2 миллиард 735 миллион теңге бөлініп, оған маска, арнайы киімдер секілді керек-жарақтың барлығы алынды. Бұл қор күн өткен сайын толығып келеді. Мәселен, соңғы есеп бойынша аймақта аталған заттардың 77 күнге жететін мөлшері бар»,-деп жазды Ержан Жылқыьбаев өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары індетке қарсы тұрудың ең тиімді жолы – вакциналау екенін айтады. Әсіресе, екпе аурудың ошағында жүрген медицина қызметкерлері үшін аса қажеттігіне айрықша тоқталған.

«Желтоқсан мен қаңтар айларында бірқатар денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ерікті түрде екпе салдырған болатын. Бұдан бөлек, жыл басынан бері ақ халаттыларға 850 доза вакцина тағы егілді. Нәтижесінде аймақта 1 180 маман вакцинамен қамтылды. Бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында күні кеше қосымша 5 250 доза екпе тағы жеткізілді. Жалпы 13 870 денсаулық сақтау қызметкерін вакцинамен қамту көзделген»,-деді Е. Жылқыбаев.

Сонымен қатар, облыста білім саласы қызметкерлерін вакциналау жұмыстары да басталды. Екпе салу ең әуелі бастауыш сынып мұғалімдеріне жүргізіледі. Ол үшін айдың соңына дейін тағы 6 мың доза вакцина алу жоспарланған. Ал екпе егудің үшінші кезеңінде студенттерді қамту көзделіп отыр. Бұл шаруалар денсаулық сақтау саласының мамандары мен мұғалімдердің арасында ауру таралуын тежеуге өз әсерін тигізбек.

Жиын барысында аймақтағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы және Тараз қаласы мен аудандардағы мониторингтік топтардың жұмыстарын да талқылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT