+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Жамбыл облысында «Егінжай күні-2020» семинар-кеңесі өтті

2020 жылғы 6 маусым 21:27
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында «Егінжай күні-2020» семинар-кеңесі өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Меркі ауданында дәстүрлі «Егінжай күні» семинар-кеңесі өтті. Оның барысында қатысушылар бірқатар агроқұрылымдардың жұмысымен танысып, ауылшаруашылық өнімдері мен арнайы техникалар көрмесін аралап, саладағы өзекті мәселелерді саралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын дамытуға $500 млн беруге шешім қабылдады Қарағандыда ферма жылқы алуға берілген 26 млн теңгені басқа нәрсеге жұмсаған

Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен басқармаларының төрағалары, аудан әкімдері, обыстың барлық аймағынан келген шаруа қожалықтарының жетекшілері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысты.

Жиналғандар алдымен «Аспара-Хан» жылыжай кешенінің, «Смарт Агро каркара» ЖШС, «Нур-П», «Гүлдер» және ара шаруа қожалығының жұмыстарымен танысты.

Аудандағы «Сыпатай батыр» ЖШС-інде де жемісті жұмыстар көп. Серіктестік жетекшісі Қанат Шайхиевтің өткен жылы әр гектардан 30 центнерден астық және 861 центнер қант қызылшасын алғандығын айтады.

Осы агроқұрылым базасында ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі, сондай-ақ семинар-кеңес ұйымдастырылып, оның барысында агроөнеркәсіптік кешеннің жетістіктері мен мәселелері талқыланды.

Кеңесті ашып, жүргізіп отырған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үстіміздегі жылдың төрт айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 39,4 млрд. теңгені құрағанын, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,7 пайызға артық екендігін атап өтті. Бұл елдің барлық облыстары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Ауыл шаруашылығын дамытуға 29 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 18 миллиард, облыстық бюджеттен 11 миллиард теңге бөлінген. Нақтырақ айтсақ, өсімдік шаруашылығын дамытуға 4,4 миллиард теңге, мал шаруашылығына 7,4 миллиард теңге, өңдеу өнеркәсібіне 831,6 миллион теңге, инвестициялық субсидияларға 6,6 миллиард теңге қарастырылған.

Ағымдағы жылы егіс алқаптарының жалпы көлемі 710 мың гектарға жетті. Егер былтыр су үнемдейтін технологиялар 20,5 мың гектар жерге енгізілген болса, биыл суармалы жерлерді 30 мың гектарға жеткізу көзделген.

Басқосуда ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері өздерінің ғылыми тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық компаниялармен ынтымақтастықтың нәтижелері, егістікті суаруға арналған жоғары технологиялық қондырғылардың артықшылықтары, жаңа рентабельді дақылдар туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ, семинар-кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов, «Быструха Астана» ЖШС, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің өкілдері және тағы басқалар сөз алып, ойларын ортаға салды.

Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасы мен бөлімдерінің басшыларына су үнемдеуші технологияларды қолдана отырып суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, сонымен қатар техниканы жаңарту көрсеткіштерін 10 пайызға жеткізу, жылыжай өндірісін дамыту, минералды тыңайтқыштарды кеңінен енгізу және жоғары өнімді сапалы тұқымдарды қолдану, ауыл шаруашылығы саласында ғылым мен инновацияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, нақты тапсыралар жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT