+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Жамбыл облысында боранда 800 қойымен бірге адасып кеткен шопан құтқарылды

2021 жылғы 20 қаңтар 12:55
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында боранда 800 қойымен бірге адасып кеткен шопан құтқарылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл полицейлері жоғалған шопанды құтқарды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тұтас аудан жарықсыз қалды Елорданың сол жағалауындағы дәмханадан өрт шықты Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма

Сарысу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне кеше кешкі сағат 19:00-де жайылымға 800 қойын айдап кеткен шопанның жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. Ол әдеттегідей таңертең жайылымға кеткенімен, ал кешке белгіленген уақытта қайтып келмеген. Полиция жоғалған адамды іздеу бойынша ауқымды құтқару операциясын өткізді.

Үш сағаттан кейін шопан үйден бірнеше ондаған шақырым жерден табылған. Құтқарылған ер адам боранда адасып кеткенін айтты. Ол арыққа құлап, сол жерден шыға алмай қалған. Жарақаттанған, әрі әбден әлсіреген оның жағдайы қиындай түскен. Оған бірден медициналық көмек көрсетілді. Қазір ер адам ауруханада ем алып жатыр.

Қойлар түгел, қазір қауіпсіз жерге жеткізілді.

«М алды қысқы уақытта алысқа жаймауды сұраймыз, себебі ол оқыс оқиғаларға әкелуі мүмкін « , - деді Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT