Жамбыл облысында бес жасар баланы зорлау ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бес жасар баланы зорлау ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны бес жасар баласының зорланғаны туралы полицияға арыз түсірген. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынып үлгерген.

«Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны көршісінің баласы тарапынан кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері қолданылғаны туралы полицияға жүгінген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі (нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатқандығы айтылған.


Соңғы жаңалықтар