Жамбыл облысында азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселе. Ал нарықтық экономиканың қарқын алған кезінде асы­раушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ау­қатын көтеру де - күн тәр­тібіндегі тұрақты мәселелердің біріне айналғаны заңдылық.

Осыған орай, өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеудің бірқатар кешенді шаралар бағытын белгілеп берген болатын.

Бұл ретте елімізде теңдесі жоқ, арнайы әлеуметтік дүкендер желісін құруды «Тараз» ӘКК» АҚ мен аудан әкімдеріне тапсырды.

Осы тапсырма аясында бүгінгі күні облыста жалпы 26 әлеуметтік дүкендер мен сөрелер өз жұмыстарын бастап кетті. Оның 15-і Тараз қаласында, қалған 11 дүкен аудан орталықтарында орналасты.


Әлеуметтік дүкендер мұқтаж отбасылардың тұрғылықты жеріне байланысты орнатылды және оларға төмендетілген бағадағы өнімін тұтынуына барлық жағдайлар жасалды.

Жалпы әлеуметтік дүкендер нарықтан 8-24% төмен бағадағы барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен қамтылған. Оған облысымыздағы «Молбит», «БМК», «Кызыл-Жұлдыз», «Көкжиек-2030», «Аса даму», «ӘулиеАта Феникс», «Хлебный дар», «Аксарай Экспорт» сияқты тауар өндірушілердің өнімдері тікелей жеткізілуде.

Әлеуметтік дүкендер қызыметінің нәтижесінде жыл басынан бері тұрақтандыру қорының 317,4 тонна тауарлары мен 201 мың дана тауық жұмыртқасы өткеріліп, тауар айналымы 3,7 есеге артты (2020 жылы 85 тонна).


Осылайша күннен күнге әлеуметтік дүкендерге деген сұраныс та, оның ішкі нарыққа деген ықпалы да артып келеді. Бұрын шағын бір әлеуметтік дүңгіршек күніне 100-150 адамды қамтыған болса, қазір бір дүкен 400-450 адамға қызмет көрсетеді. Осылайша әлеуметтік дүкенге келушілер 3 есеге ұлғайып отыр.

Одан бөлек облыс әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру шараларының тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімнің тапсырмасымен облыста және қала мен аудандық деңгейде арнайы мониторингілік топтар құрылды.

Кәзіргі таңда аталмыш топтар күнделікті ішкі нарықта үлесі басым ірі сауда желілері мен, бөлшек сауда нысандарындағы баға жағдайы күнделкіті бақылауға алынды.


Мониторингтің қорытындысы бойынша ішкі нарыққа талдау жүргізіліп, бағаларды негізсіз көтеру фактілерін алдын алу шаралары, мен зерделеу жұмыстары күнделікті жүргізіледі.

Топтардың құрамына, қоғамдық ұйымдар, монополия мен бәсекелестікке қарсы мемлекеттік органдардың өкілдері енді.

Сонымен қатар тұрақтандыру қорын пайдалану шаралары күшейтілген бағытта жұмысын жалғастыруда.

Тұрақтандыру қоры арқылы жыл басынан бері азық-түлік бағаларын тұрақтандыру үшін 212,6 млн теңгеге тауардың 11 түрі бойынша 1 442 тонна тауар өткерілді. Оның ішінде 808 тонна ұн, 248 тонна картоп, 289 тонна қант, 242 мың дана жұмыртқа, 60 тонна күнбағыс майы, 9 тонна қарақұмық.

Одан бөлек, алдағы уақытта тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында тұрақтандыру қорына 2508 тонна тауар жинақталса, оның 1848 тоннасы форвардтық келісімдер негізінде жинақталды.

Қорды қалыптастыруда сұранысқа ие тауарлар, яғни 1 282 тонна ұн, 372 тонна қант, 51 тонна қарақұмық, сондай-ақ, айналым қаражаты шарты бойынша 181 тонна күнбағыс майы жеткізілді.

Бүгінгі күні тұрақтандыру қорындағы тауарлар, атап айтқанда қант - 220 теңгеден, жұмыртқа - 27 теңгеден, күнбағыс майы - 560 теңгеден, қарақұмық - 315 теңгеден арнайы ашылған әлеуметтік 25 дүкендер мен 8 ірі сауда орындарындағы әлеуметтік сөрелер арқылы тұрақты өткерілуде.

Сонымен қатар, жаңадан іске қосылған екінші тетік - «айналым схемасы» бойынша 4 кәсіпкерлік субъектілеріне 605,0 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда «Байлық-2014» ЖК-не - 245,0 млн. теңге, «Бурный сүт компаниясы» ЖШС-не - 160,0 млн. теңге, «Көкжиек-2030» ЖШС-не - 150,0 млн. теңге және «Империя» ЖК-не - 50,0 млн. теңге берілді.

Қаржыландыру келісімі бойынша аталған субъектілерге, мысалы ЖК «Байлық-2014» 1 сұрыпты ұн, күріш, тұз, өсімдік майы мен рожки, «Көкжиек-2030» серіктестігіне сүт, айран, сары май және сүзбе, ал «Бурный сүт компаниясы» серіктестігіне сүт пен сары май, «Империя» ЖК 1 сұрыпты ұн, күріш, тұз, 1 санатты жұмыртқа, қант, рожки, қарақұмық сияқты тауарлармен сауда орындарын қамтамасыз ету жүктелген. Қазіргі уақытта жылдық көлемі 2 343 тоннаны құрайтын осы 14 әлеуметтік тауарға төмендетілген (нарықтан 8-15%) бағалар бекітіліп, облыстағы ірі сауда желілері арқылы сатылуда.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінде облыс әкімінің тапсырмасымен ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Жалпы жыл басынан бері 33 жәрмеңке өткізілсе, оның 14-і облыстық, 21-і аудандық деңгейде өткізілді. Онда жалпы құны 196,5 млн. теңгені құрайтын, 776,8 тонна өнімдер нарықтан 8-20% төмен бағадан өткерілді.

Осының нәтижесінде облыстағы әлеуметтік тауарлардың, яғни нан, сүт, пияз, қанттың бағасы республика бойынша ең төменгі деңгейде болса, күнбағыс майы, сары май, айран, құс еті төменгі үштікте. Ал, қалған тауарлар ортаңғы деңгейде қалыптасып отыр.

Қорыта айтқанда, тұрғындардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі – азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу жұмыстары тұрақты бақылауда.


Соңғы жаңалықтар