+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Жамбыл облысында ажырасу жағдайлары азайды

2021 жылғы 14 ақпан 13:36
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында ажырасу жағдайлары азайды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Өткен жылы Жамбыл облысы бойынша 2 мыңға жуық адам сотталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облыстық туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды Жамбыл облысында 25 ата-ана жауапкершілікке тартылды Жамбылда тұрақтандыру қорында 3-6 айға жететін азық-түлік бар

Былтыр Жамбыл облысында 1932 тұлға істі болды. Оның ішінде 475-і бас бостандығынан айырылса, 143 тұлға шартты түрде сотталған. Ал бас бостандығынан айырудан басқа жаза түрлері 1295 тұлғаға тағайындалды.

Бұл туралы Жамбыл облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов баяндады.

Спикердің айтуынша, былтыр облыс соттарында жалпы саны 2367 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде 1960 адамға қатысты 1750 қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылыпты. 314 тұлғаға қатысты тоқтатылған қылмыстық істер 238-ді құрады. Ал, ақталып шыққандары 28.

Ал Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы міндетін атқарушы Ғалым Құлекеевтің айтуынша, былтыр 18 397 азаматтық іс тоқтатылған. Бұдан бөлек, ол 2000 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылған. Ал, 8639 адамға қатысты әкімшілік істер қаралған.

Облыс соттарының былтырғы жылғы көрсеткіштері де жаман емес. Республика бойынша аудандық соттардың апелляциялық және кассациялық сатыларындағы шешімдерінің күшін жою және өзгерту көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы екінші орында. Ал тараптардың татуласуымен аяқталған істер бойынша үшінші орынға шыққан.

Спикерлер сотта қаралатын отбасылық даулардың азайғанын айтып отыр. Мәселен, 2019 жылмен салыстырғанда некені бұзу туралы процестер 1151 іске азайған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT