Жамбыл облысында әскерилер «танк каруселін» іске қосты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында «Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамалары мен бөлімдері, Десанттық-шабуылдаушы әскерлер, Әскери-әуе күштері, жалпы саны 2500-ге жуық әскери қызметші қатысты.

«Оқу-жаттығудың ерекшелігі әскерлердің жауынгерлік техниканы қолданудың заманауи нысандарын пайдалануы болды. Жауды дер кезінде анықтау және жеңу үшін топтың күштері мен құралдарынан барлау-атыс және барлау-соққы кешендері құрылды. Барлауды ұшқышсыз ұшу аппараттары мен радиолокациялық станциялар жүргізді. Олар нақты уақыт режимінде командалық пунктерге ақпарат берді. Ал артиллерия мен әскери авиацияның жауынгерлік бөлімшелері барлау кезінде анықталған нысаналар бойынша қарқынды оқ атуларды жүзеге асырды», - деді министрліктен.


Сондай-ақ арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері түнде белгіленген аймаққа барып, шартты жаудың алдыңғы қатарлы отрядын жойды.

Торуылдаудың кешенді әдісі қолданылған. Атап айтқанда, бақылау, маршруттар мен «жау» кері шегінуі мүмкін ықтимал жолдарды миналау, қарсыластың көзін оқпен жою, қажетті құжаттар мен материалдарды қолға түсіру кірді. Мұндай жағдайда «алтын минут» ережесінің маңызы зор.

Танкішілер шартты қарсыласқа үздіксіз оқ жаудырды, оған «Танк каруселі» деген атау берілген. Оның барысында әрбір танк взводы оқ атуды үздіксіз жүргізеді. Бірінші танк атыс позициясынан оқ атуды жүргізіп, негізгі орынды үнемі қосалқы орынға ауыстырып отырады. Екінші танк – қарсыластың нысандарын бақылап, бірінші танкті ауыстыруға дайын болуы керек. Үшіншісі - оқ-дәрілерді толықтыру үшін қажет. Оқ ату міндетін орындағаннан кейін бірінші танк өзгелермен позициясын алмастырады. Бұл, карусельдің айналу принципіне ұқсайды. Және бұл бөлімшелердің жоғары үйлесімділігін және экипаждардың шеберлігін талап етеді.


«Басқару органдары сондай-ақ заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесін басшылыққа алды және операцияға классикалық шешім қабылдаумен қатар, әр күн сайын жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлауды және тапсырмаларды күнделікті нақтылауды жүргізді.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бақылап, әскерлердің іс-қимылдарының нәтижелерін оң бағалады. Ол армияны жетілдірудің негізгі факторы дайындықтың практикалық тиімділігі болып табылатынын атап өтті. Жедел-тактикалық дайындықта оқу – жаттығу барысында көрсетілген заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерттеу және қолдану болып табылады. Ал жауынгерлік оқу – іс-қимылдардың асимметриялық сипаты жағдайында бүгінгі күні өзекті болып табылатын әскери тактикалық атысты оқыту процесіне енгізу», - делінген ведомство ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар