Жамбыл облысында әскери қызметші казарманың 4-қабатынан секіріп көз жұмды

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы 82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі казарма ғимаратының 4-қабатындағы терезеден секіріп, көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Аман алып қалу шаралары жүргізілгенмен, сарбаз есін жимастан көз жұмды. Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде», - делінген ресми хабарламада.

Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының қалауы бойынша жария етілмейді.


Соңғы жаңалықтар