Жамбыл облысында алты айда 324 есірткі қылмысы анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер алты айда үш жүз келіден астам есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 324 келі түрлі есірткі затын тәркіледі.

Оның ішінде 244 келі марихуана, 78 келі гашиш, 796 грамм героин және 17 грамм синтетикалық есірткі құралдары бар.

«Есепті кезеңде 324 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 61 есірткіні өткізу, 32 аса ірі көлемде сақтау, 12 есірткі құралдарын контрабандалау жағдайы, 10 құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, 1 есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу және 209 қылмыстық теріс қылық дерегі», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.



Соңғы жаңалықтар