+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Жамбыл облысында алғаш рет сүт безі қатерлі ісігіне бірегей ота жасалды

2020 жылғы 22 қыркүйек 01:45
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында алғаш рет сүт безі қатерлі ісігіне бірегей ота жасалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының хирургтары алғаш рет қолтықасты лимфа түйіндері арқылы оң жақ кеудеге кеңейтілген секторлық резекция жасайтын бірыңғай ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тараздық дәрігерлер эндопротез қоюдың жаңа түрін ойлап тапты Түркістан облысының дәрігерлері операцияның жаңа түрін ойлап тапты Жамбылдық дәрігерлерге 18 реанимобиль мен 8 «жылжымалы медициналық кешен»  берілді

Бұған дейін мұндай операциялар тек Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында және Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында жасалатын. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Талас ауданы Қаратау қаласының 46-жастағы тұрғыны диспансерлік есепте «Оң жақ сүт безінің карциномасы, 2-саты» клиникалық диагнозымен тіркелген. Науқас адъювантты емес химиялық терапияның төрт курсынан өтіп, ісіктерінің регрессиясы 50%-дейін жетіпті. Жедел түрде ота жасау туралы шешім қабылданғаннан соң, білікті де тәжірибелі дәрігерлер Қайрат Төлешев пен Жандос Сейдахметов интраоперациялық экспресс-цитологиялық зерттеуді қолдана отырып, дерттің ошағын алып тастады»,- деді басқарманың баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Өмірбаева.

Мамандардың айтуынша, мұндай отаның басты ерекшелігі – сүт безін сақтауға және қатерлі ісіктің қайталануын болдырмауға бағытталған. Бұрын онкологиялық ауруларға хирургиялық араласудың басқа тәсілі қолданылатын. Бұл әдістің тиімділігі – қосымша аурудың алдын-алуға да септігін тигізетіндігінде болып отыр.

Облыстық көп бейінді аурухана дәрігерлерінің ізденісі мен үйлесімді, әрі табысты жұмысында цитологиялық зертхана қызметкерлері Татьяна Сим мен радиология бөлімінің меңгерушісі Роза Бегимбаеваның зерттеулері маңызды рөл атқарғанын атап өткен жөн.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT