Жамбыл облысында 600 қойымен бірге қар құрсауында қалған шопан құтқарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Талас ауданы аумағында полицейлер қалың тұманда адасқан шопанды 600 қойымен бірге құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талас ауданының полиция бөліміне Үшарал ауылы маңындағы жайылымнан 25 жастағы қойшының бір отар малымен бірге жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полицейлер шопанның таңғы сағат 6.00-де бір отар қойды жайылымға шығарып, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын анықтады.

«Полиция қызметкерлері 6 автокөлікпен шопанды іздеуге шұғыл аттанып, жайылымнан 45 шақырым жерде оны бір отар қойымен бірге тапты.

Қойшы кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасқанын айтты»,- делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар