Жамбыл облысында 5 жасар қызды пойыз қағып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында теміржол бойында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Таразда 10 мамыр күні, сағат 11:45-те бес жасар қыз Құмшағал - Шөлдала стансысы №1 пикеті өткелінің учаскесінде жүк пойызының астына түсіп қалды. Ол ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бала Жамбыл - Арыс бағытындағы №2201 жүк пойызының астына түсіп қалған. Бұл оқиға осы теміржол бойындағы басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.

Соңғы жаңалықтар