Жамбыл облысында 429 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 429 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда елімізде және әлемде орын алған індетке байланысты көптеген іс-шаралардың өткізілуіне қатаң тыйым салынған. Алайда мониторинг барысында мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан көптеген іс-шара алынып тасталмағаны анықталып отыр.

10 айдың қорытындысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мониторингімен 429 195 297 теңге бюжет қаражы үнемделген. Бір ғана мәдениет, спорт бағытында жоспарланған іс-шаралардан 130 млн-ға жуық бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілген.

«Айталық, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қыркүйек, қазан, қараша айларына 7 млн теңгеден астам бюджет қаражатына іс-шара өткізуді жоспарланған. Сондай-ақ, департаменттің араласуымен облыс әкімдігінің білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жоспарлаған іс-шаралардан 67 млн теңге үнемделді. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық халық шығармашылығы орталығы» мекемесі 11 млн теңгеден астам қаражатқа жоспарланған іс-шаралар үнемделді», - делінген аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар