Жамбыл облысында 39 жастағы тұрғын Шу өзеніне батып кетті

None
None
ШУ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Шу ауданында құтқарушылар суға кеткен адамның мәйітін іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 маусым сағат 10.45 кезінде Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментіне Шу ауданы полиция бөлімінен хабар түскен.

Онда полицейлер белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 1983 жылы туған ер адамды Шу өзенінің сол жағалауындағы арнасы маңынан іздеуге көмек сұраған.

Өйткені суға кеткен азаматтың заттары су жағалауынан табылған.

Шу ауданында арнайы судан құтқару жасағы жоқ.

Сондықтан сағат 11.10-да Тараз қаласынан облыстық ТЖ департаментінен бір техника, жүзу құралы, 3 сүңгуір және бір құтқарушы Шуға қарай жолға шықты.

«Тараз қаласы мен Шу ауданының арасы 300 шақырымнан асады. Құтқару жасағының қызметкерлері сағат 15.40-та оқиға орнына жетіп, іздестіру жұмысын жүргізіп жатыр» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар