Жамбыл облысында 3 тоннадан астам есірткі тәркіленген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам түрлі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Есірткі қылмысын анықтау және оған қарсы күресу полицейлердің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Есірткі құралдарын дайындаумен, тасымалдаумен, сақтаумен, өткізумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

«Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 785 қылмыстық құқық бұзушылық дерегін анықтады: оның ішінде 120 есірткі өткізу дерегі, 59 аса ірі көлемде сақтау дерегі, 5 есірткі құралдарының контрабандасы, 4 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау және 574 қылмыстық теріс қылық дерегі тіркелді», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жалпы, заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 70 келі гашиш, 2 тонна 907 келі марихуана, 1 келі героин және 2 келі синтетикалық есірткі бар.


Соңғы жаңалықтар