Жамбыл облысында 200 бала Президенттің жаңажылдық сыйлығына ие болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 200 балаға ҚР Президентінің жаңажылдық сыйлығы табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысындағы ата-ана қарауынсыз қалған, жетім, көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан, ерекше білім беруді қажет ететін 9-13 жас аралығындағы 200 балаға ҚР Президенті атынан

жаңажылдық сыйлықтар таратылды. Атап айтсақ, балалар Мемлекет басшысы атынан құттықтау хат, екі тілдегі «Ұлы Абай» энциклопедиясы мен «Қазақ ертегілері» жинағы, тәтті сыйлықтар және ақшалай сертификат алды.

Аталған сыйлыққа Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері де ие болды.

Сондай-ақ, өңірдегі 100 балаға облыс әкімі атынан сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, пандемия жағдайына байланысты және ҚР Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес биылғы жылы облыста Қазақстан

Республикасының Президенті, облыс әкімі және қала және аудан әкімдері атынан Жаңа жылдық шырша кеші ұйымдастырылмайды.


Соңғы жаңалықтар