Жамбыл облысында 100-ден аса жасөспірім полицияға жеткізілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бес күндік рейд кезінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа жол бермеуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді.

Іс-шара барысында облыс бойынша ішкі істер органдарына 108 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.

165 ата-ана және өзге де ересек кісілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде, ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін бір ата-ана, кәмелетке толмаған 19 баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін сегіз түрлі кафе-бар иелері, алкоголь өнімін сату туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін сегіз дүкен иесі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын-жайдан тыс жерде болғаны үшін 89 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар өзге де құқық бұзушылықтарға жол берген 40 ересек адамға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бес жасөспірім және екі қолайсыз отбасы есепке қойылды. Кәмелетке томағандарды бейімдеу орталығына бір жасөспірім орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар