Жамбыл облысынан көктемгі әскери науқанға 1500 азамат шақыртылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша биыл көктемгі науқанға 1500-ге жуық азамат мерзімді әскер қызметінде өз борыштарын өтейді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Ғалымжан Тасжанов айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 5 ақпанда Президентіміз Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай 1 наурыздан бастап аймақ азаматтарын көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүруде. Көктемгі науқан биыл 1 шілдеге дейін аяқталады. ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамдары қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар шақыртылады» - деді Ғ. Тасжанов

Бүгінде коронавирус кеселінің кең таралуына байланысты әскери санитарлық талаптар қатаң сақталмақ. Бұл бағытта көктемгі әскерге шақыруды хабардар етудің өзі автоматтандырылған. Яғни пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылушыларға SMS-хабарламалар таратылуда. Хабарлама жолдау «1414» қызметі арқылы жүзеге асырылуда.

«Көктемгі әскерге шақыру барысында әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі 2 рет жүргізіледі. Әуелгісі әскерге шақыру кезіндегі облыстық жиын пунктінде. Екіншісі әскери бөлімдерге келген кезде жүргізіледі» - деді, полковник.

Спикер алаяқтарға алданбау туралы да айтып өтті. Бүгінде әскерге шақыруды кейінге қалдыру, одан босату мәселелерін айтып көмек көрсетемін деушілер көбейген. Ақша алу үшін алдап, аянбайтын адамдардан алшақ болуға шақырды.


Соңғы жаңалықтар