Жамбыл облысы тұрғындарына «QazVac» вакцинасының 200 дозасы салынады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында халыққа «QazVac» отандық вакцинасын салу басталды. Күні кеше өңірге 2000 доза отандық вакцина жеткізілді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы — QazCovid-in, оның тауарлық атауы – QazVac.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, вакцина 2 рет 21 күн аралықпен жүргізіледі. Ол арнайы тоңазытқыштарда сақталады және барлық басқа вакциналар сияқты +2, +8 градус температура режимінде термоконтейнерлерде тасымалданады. Отандық вакцинаның ерекшелігі – мұздатудың қажеті жоқ, яғни нөлдік параметрлері бар тоңазытқыш жабдықтар қажет емес.

«Тараз, Шу қалаларының және 10 ауданның 20 емханасының барлық егу кабинеттері отандық вакцинамен қамтылды және егу жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, облысқа ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Спутник V вакцинасының 51300 дозасы жеткізілді. Облыста Спутник V вакцинасының 1 компонентімен — 33425 адам егілді, оның ішінде 21 күннен кейін 8504 адам вакцинаның 2 компонентін алды ( 25%). Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Бүгінгі күні облыстың барлық емханаларында 18 жастан асқан, қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға QazCovid-in отандық вакцинасымен және Спутник V вакцинасын егу жұмыстары жүріп жатыр»,-делінген аталған басқарманың баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар