Жамбыл облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Әскербекұлы Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ.Досаев 1965 жылы туған, білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылық институтын «инженер-механик», Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы ғылыми-өндірістік бірлестіктің инженері болып бастаған.

Әр жылдары «Алтын диірмен» АҚ инженері, Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының төтенше жағдайлар бөлімі басшысының орынбасары, сектор меңгершісі, ҚР Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәселестікті қорғау басқармасының басшысы, Алматы облысының тарифтер жөніндегі басқармасының басшысы, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің көмекшісі, «Мекен» ЖШС директоры, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» акционерлік қоғамының Алматы филиалының директоры, вице-президенті, департамент директоры, «Казспортинвест» АҚ вице-президенті лауазымдарында еңбек етті.

Сондай-ақ, 2014-2017 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі, 2017-2019 жылдары Шу ауданының әкімі, 2019 жылы Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы ретінде жұмыс жасап келді.


Соңғы жаңалықтар